Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі Алматыдан ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына көшуді жоспарлап отыр, - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

«Мұндай жоспарлар бар», - деді Досаев сәрсенбі күні Мәжілістің пленарлық отырысында Ұлттық Банктің Нұр-Сұлтанға көшу жоспары туралы спикердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұрын Ұлттық банктің Қазақстанның астанасына 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін орналасуы жоспарланған болатын. Алайда, кейіннен қаржы реттегішінің басшылығы хабарлағандай, Ұлттық банктің орталық аппаратын Алматыдан астанаға көшіру қаржылық қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылды.

Похожие материалы