Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда Ұлттық қор портфелінің құрылымын қайта қарауды ұсынды.
Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына енгізілген түзетулерге сәйкес алтынды жинақтау портфелінің активтерін стратегиялық бөлуге енгізу көзделген.
"Ұлттық қордың негізгі мақсаты - болашақ ұрпақ үшін жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарығындағы жағдайға тәуелділігін азайту арқылы қаржы ресурстарын жинақтау. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінен алтынның бір бөлігін сату арқылы жинақ портфелінен 5%-ға дейінгі үлеспен Ұлттық қордағы алтын портфелін қалыптастыру көзделеді", - делінген құжатта.
Осылайша, Ұлттық қорда алтын портфелін қалыптастыру оның активтерінің сақталуын және халықаралық қаржы нарықтарындағы валютадағы активтердің тартымдылығын ықтимал төмендетуден қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді.
Егер бұрын жинақ портфелінің активтері мынадай пропорцияда бөлінуі тиіс болса: 60% облигация, 35% акция және 5% баламалы құралдар, енді облигацияларға 60% актив, баламалы құралдарға 5%, акцияға 30%-дан сәл аз, ал 5%-ын алтынға жұмсау ұсынылады.
Қаржы реттегіші тиісті түзетулерді талқылауға енгізді.