Ұлттық қордың активтері қазан айында $1 млрд азайып, $56,3 млрд құраған. Бұған акция бағасының төмендеуі әсер еткен. Сонымен қатар, республикалық бюджетке 230 млрд теңге кепілді трансфертті жіберу мен пандемияның екінші толқынына байланысты қаржы нарығындағы өзгерістер әсер еткен.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында айтты.
Досаевтың айтуынша қазан айында Қазақстанның Халықаралық резервтері де 1,3% азайып, $89,9 млрд, Ұлттық банктің алтын-валюта резерві $200 млн азайып, $33,6 млрд құрады.
ҰБ алтын-валюта резервінің азаюына мемлекеттік қарызды төлеу мен интервенция жүргізу себеп болған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024