Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 363,60 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (367,63 теңге / $1) ұлттық валюта 4,03 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 362,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 366,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 362,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 71 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 131.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 367 теңге, Алматыда – 367 теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024