Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлыбритания 2017 жылдың соңына дейін ЕО-дан шығу туралы референдум өткізеді

Ұлыбритания 2017 жылдың соңына дейін ЕО-дан шығу туралы референдум өткізеді

Ұлыбритания 2017 жылдың соңына дейін Еуроодақтан шығу туралы референдум өткізеді. Бұл туралы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II парламенттегі мәлімдемесі кезінде хабарлады деп жазады ТАСС.

" 2017 жылдың соңына дейін ЕО-тағы мүшелігіміз туралы референдум өткізу үшін алдын-ала заңды шаралар қабылданады. Менің үкіметім Біріккен Корольдіктің ЕО-мен қарым-қатынасы туралы келіссөздер жүргізіп, ЕО-ның барлық мүшелер үшін пайда әкелуін назар салатын болады", - деп мәлімдеді ол. 7 мамырдағы жалпыхалықтық сайлау кезінде жеңіске жеткен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен консервативті партия 2017 жылға дейін реформа өткізуге уәде берген еді.   Сондай-ақ патшайым Британия Украинадағы тұтастықты сақтау мақсатында Ресейге қысым көрсетуді жалғастыратындығын мәлімдеді. "Менің үкіметім Украинаның егемендігі мен тұтастығын сақтау үшін Ресейге қысым көрсетуді жалғастыра береді және біз Минск келісімдерінің орындалуын қалаймыз", - деді Елизавета  ІІ.  

Похожие материалы