Лондон. 13 наурыз. 7kun.kz - Ұлыбритания Еуроодақтан 2019 жылдың наурыз айында кетеді. Бұл туралы жексенбі күні Би-би-си телехабар тарату компаниясының эфирінде британияның Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис мәлімдеді.
«Бұған 2019 жылдың наурыз айында куә боласыздар», - деді Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан қашан шығатынын сұраған журналиске жауап берген Дэвид Дэвис.
Дэвис, сондай-ақ Ұлыбританияның Еуроодақ құрамына шығуына байланысты Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздердің өте күрделі болатынын айтты. «Келіссөздер күрделі, алайда тараптардың мүдделеріне сай болады», - деді ол.