Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхаммед Әлидің ұлы әкесі қалдырған мұрадан айырылып қалмақ

Мұхаммед Әлидің ұлы әкесі қалдырған мұрадан айырылып қалмақ

Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің ұлы әкесі қалдырған мұраны алуда қиыншылыққа тап болғаннан, кедейлік күйге түскен деп хабарлайды LIFE.

Мұхаммед Әли, әйеліне және тоғыз баласына 80 миллион доллар тұратын меншік аманат еткен деп атап өтілген. Бірақ аты аңызға айналған боксшының жалғыз биологиялық ұлы әлі де өз үлесін толық алмаған.

Кіші Мұхаммед Әлидің айтуынша соңғы жылдары әкесімен хабарласпаған. Оның себебі Чикагода тұрмыстық жағдайы төмен аймақта тұрып атасына бас көз болған. Атасы әкесі сияқты Паркинсон ауруынан зардап шеккен.

Мұхаммед Әлидің ұлының айтуынша, отағасы қайтқаннан кейін жесірлері мен балалары қалған мұраны тең үлесте бөліп алатындарына келіскен. Алайда, кіші Мұхаммед Әли келіскен 6 миллионнан 2,5 миллион ғана алған. 45 жастағы аты аңызға айналған боксшының ұлының айтуы бойынша ол досының үйінде өмір сүруге мәжбүр, тіпті қалыпты тағам сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Мұхаммед Әлидің ұлы әкесінің 6 миллион мұра қалдырғанын естіп отбасын тастап кетті. Әйелі Шакира, екі қызымен қалған. Әйелі баспасөзге күйеуім үйге ақша әкелмейді, сол үшін үйден қуып жібердім деп хабарлады.

Сонымен қатар, аты аңызға айналған спортшының ұлы героин және марихуанаға әуес екені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет хабарлама жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, боксшы өткен жазда Америка Құрама Штаттарында қайтыс болды.

Похожие материалы