Бүгінде елді елең еткізіп тұрған мәселелердің бірі – Қазақстан автожол саласының басшылығындағы қайта жүйелеу мәселелері. Бұл арада мамандар талқысына түсіп отырған сауал: Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 9 желтоқсанындағы №1266 Қаулысымен құрылған «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесі («Қазавтожол» РММ) мен Қазақстан Республикасының «ҚазАвтоЖол» автомобиль жолдары ұлттық операторының акциялары 2015 жылдың 29 қаңтарында «ҚТЖ» Ұлттық компаниясына» сатып алу құқығынсыз берілген. Осыған қатысты жол саласының ардагері, техника ғылымдарының докторы Әбді Қиялбаев өз пікірін білдірген еді.
2015 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан автожол саласында жаңа жол басшылығы – «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» («ҚазАвтоЖол» ҰК») құрылды. Оның негізгі функциясы: жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдарының жаңа құрылысын, қайта қалыптастыруы мен жобалау істерінің жобасын ұйымдастыру; республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдардың тыңғылықты, орта және күнделікті жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру; жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдардың күтілімі мен пайдаланымың; жалпы пайдаланымдық республикалық және халықаралық маңыздылықтағы жолдарда немесе оның жекеленген телімдеріндегі ақылы жүйені басқару, т.т.
«Қазавтожол» РММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №393 Жарғысымен жеке басшылық қолына өтті және «Қазавтожол» Жауапкершілігі шектеулі мекеме болып аталды. Бұл орайда жеке басшылықың барлық іс-әрекеті мемлекетттің жүз пайыздық жарғылық капиталына енді. Демек, жолдың пайдаланымдық әрбір іс-шарасы мемелекет қадағалануынды болды.
Егер автожол саласының соңғы 50-60 жылына қарайтын болсақ, бүгінгі автожол басшылығынан Кеңес дәуіріндегі жол басқарылымының елеулі өзгерістерін байқаған болар едік. Бастысы автожол саласы «Автомобиль жолдар министрлігі» деп айқын айшықтанды. Ондағы атқарылар шаруалар да, жобалар мен тапсырмалар да тікелей автомобиль жолдарының дамуы мен күтіміне бағытталды. Ол кезде республикалық және жергілікті жолдарда әрбір 5 жылда диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, атқарылар істер 5 жылға жоспарланды. Тапсырушы – министрлік, ал орындаушы арнайы жабдықталған, мамандандырылған мердігерлік мекемелер болды. Бұл ескі жүйе, әрине, қазіргі нарық заңы мен жүйесіне сәйкес келмейды. Дегенмен, министрлік бір ғана іске жауап береді, ол – автомобиль жолдарының құрылысы мен күтімі және мамандардың сапасы мен техникалық жабдықталуы.
Қазір ше? Соңғы 30 жылда автожол саласы 3 министрлік құрамында өзінің даму жолын жалғады. «Автомобиль жолдары министрлігі» 1994 жылдың маусым айынан бастап екі министрліктің бірігуі салдарынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып 1999 жылға дейін өз функциясын орындады және 2004 жылдың 24 қарашасында қайтадан осы атаумен бекітілді. 2014 жылдың 6 тамыз айынан бастап Қазақстанның автожол саласының басшылығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтті.Осы 30 жыл көлемінде Қазақстанның автожол саласы қай министрліктің құрамында болса да кәсіби министрдің басшылығында болған жоқ. Демек жол бағытындағы ішкі саясат кәсіби маманның басшылығымен орындалмағынын да атап өткім келеді.
Бізде Қазақстанның автожол саласындағы тұңғыш Автомобиль жолдары (ертеректе, М.Тынышбаевтың кезінде – «топырақ жолдар», кейіннен «тас жолдар», «қатынас жолдары» деп те аталды). Қалай аталса да бірінші басшы – жол («қатынас жолдары») маманы болды. Міне, Қазақстан 1954 жылдан 1970 жылға дейінгі аралықта еліміздің территориясына 96500 шақырым жолды салып, жол желісін құрды. Жол күтімі бірінші орында болды. Сол себептен де жол пайдалану мекемелері әрбір облыста бекітілді. Оның техникалық жабдықталуы мен кәсіби жетілдіруі автожол саласының бірінші кезекті тапсырмасы болып саналды. Міне, жоғарыда аталған диагностикалық зерттеулердің қажеттігі автожол саласының бірден-бір ісі болды. Өйткені әрбір 5 жыл ішінде жүргізілген диагностикалық зерттеу нәтижелері автожол саласының техникалық төлқұжаты дерлік орын алды және қатаң қадағаланды. Мұндай зерттеулер қыс кезінде де орасан зор қарқынмен орындалды. Осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп отырғандықтан айтарым, бұл іс біздің елде 30-35 жыл көлемінде тоқырауға түсті. Нәтижесінде жол-күту мекемелерін бақылау жүйесі де мүлдем тоқтап қалды. Зерттеу, жүйелеу жоқ жерде екі ведомства түгілі бүкіл автожол саласын сараптай қарасақ та жолдың пайдаланымдық сапасы артпайды. Бұл - ақиқат.
Сайып келгенде, жоғарыда баяндалған деректерді түйіндер болсақ, аталған екі мекемені біріктіруден нәтижелі жүйе болады дегенге сену қиын. Қазіргі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Тапсырушы және Басқарушы екі ведомстваны (Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК») ұстау қаншалықты қажет? Бұл екі ведомства бірін бірі қайталап отырған жоқ па? Қазақстанның автожол саласының даму тарихында қай министрлікте болмасын басшылық жүйе Автомобиль жолдары комитетінің құзырында болды және оның облыстық басшылықтары қазіргі «ҚазАвтоЖол» АҚ басқару жүйесін аса жоғары деңгейде орындады емес пе? Сондықтан қай жағынан қарасақ та, аталған мекеме жолдың жалпы басшылығы мен күтілім (мердігерлік жұмыс) істерін қатар жүргізуі айталықтай нәтиже береді деу өте қиын мәселе. Бұл арада бір қолымен тапсырушы болып, екінші жағынан мердігерлік істерді орындауы көкейге қонарлық шешім емес. «Қазавтожол» Республикалық мемлекеттік мекеменің жүйесіне келсек, бұл мекеме де өзіндік даму жүйесін 24 жыл көлемінде қалыптастырды. Олардың жүйелік дағдарысын, меніңше, басшылықтың жүйелі ауыспауынан деп санаймын. Ондағы инженерлер мен басшылар жол күтілімінің нағыз шеберлері еді. Қазір олардың да жүйелік қимылдары шектеліп, нәтижесінде ведомства дағдарысқа түсті. Бұл арада бір-ақ кілтипан тұр, ол – басқару жүйесінің белгіленген шарттық мерзіммен ауыспауы. Мұны тәртіпке келтірудің еш қиындығы жоқ. Қиыншылық – жолды күтіп-баптаумен айналысатын әккі мамандарды қайта жинақтау, жол күтіміне қажетті техникалар мен материалдар дайындайтын және сақтайтын базалар, құрал-жабдықтар даярлау керек.
Қиялбаев Әбді Қиялбайұлы - техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі