ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын жариялады.
Биыл 127 мың талапкердің ішінен 75 мыңнан астамы еліміздің үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл білім беру гранттарының 60%-ы елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік-техникалық бағыттарға бөлінген. Сонымен қатар, өңірлерді маманмен қамту үшін «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның жетекші оқу орындарында білім алатын болады.
Биыл грант тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті (бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп). Гранттарды бөлу барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарынмемлекетта берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант толық сақталды. Бұдан бөлек, қазақстандықтар үшін Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында оқуға да гранттар қарастырылған.





