Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Алматы қаласында Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта куәгерлердің айғақтары тыңдалды. Бұл туралы qaz365.kz жазды

Куәгерлердің бірі Сандуғаш Дүйсенованың елде болмауына байланысты ол өз айғақтарын жазбаша түрде ұсынды. Прокурор бұл айғақтарды сот отырысы барысында оқып берді. Оған сәйкес, Сандуғаш Дүйсенова сайттың меншікті тілшісі болып жұмыс істеген және Бажкенованың тапсырмаларын орындаған. Оның міндетіне ақпарат жинау және оқиға орындарына шығу кірген.

Сонымен қатар, куәгер алынған ақпараттың шынайылығын тексеру ресми сауалдардың жобаларын әзірлеу арқылы жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Ол мұндай сауалдардың жобаларын редакцияға жолдап отырған. Алайда оларды тиісті мекемелерге жіберу-жібермеу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ материалды жариялау мәселесі редакция басшысы Гүлнар Бажкенованың айрықша құзыретіне кірген.

Тілші ретінде журналистік қызмет атқарғанына қарамастан, куәгердің Orda.kz сайтында жарияланымдарды орналастыруға рұқсаты да, мүмкіндігі де болмаған.

Сотта ол көрінеу жалған ақпарат тарату ісі аясында қаралып жатқан бірнеше эпизод бойынша жауап берді.

Эпизодтардың бірі бұрынғы балық шаруашылығы инспекторы «С» туралы материалдарға қатысты болды. Куәгердің айтуынша, материалды дайындау барысында ол фототүсірілім жүргізіп, кейін жиналған ақпарат пен мақала жобасын бас редакторға тапсырған.

Тағы бір эпизод «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен байланысты болды. Куәгердің сөзінше, материалды дайындау бойынша тапсырманы және бастапқы деректерді оған Бажкенова берген. Сондай-ақ, бұрынғы бас редактор теміржол бойындағы ықтимал заң бұзушылықтарды қалай түсіру керектігін де айтқан.

Ықтимал заң бұзушылықтар анықталмаған соң Сандуғаш Дүйсенова материалды жариялауға қатысты туындаған күмәнін Orda.kz сайтының бұрынғы басшысына жеткізген. Соған қарамастан, материал өңделіп, айтарлықтай өзгерістермен жарияланған.

Сондай-ақ, куәгер «ECSAD» ЖШС-ға қатысты эпизод бойынша да жауап берді. Оның айтуынша, бастапқы материалдар анықталмаған дереккөзден алынған. Материалды дайын болғаннан кейін ол оны Бажкеноваға тапсырған, содан соң мақала жарияланған.

Осы материал бойынша сол компания кейін теріске шығару мәлімдемесін жариялаған. Куәгердің сөзінше, ол жарияланған ақпаратты тағы да тексеруді ұсынған, алайда Бажкенова бұл ұсыныстан бас тартқан.

Еске сала кетейік, Гүлнар Бажкеноваға үш бірдей қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр: аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және талан-таражға салу, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату.

Ұқсас материалдар