Әйгілі америкалық миллиардер Дональд Трамп президент сайлауына түсетіндігін жариялады. Байлығы $4 млрд долларды құрайтын Трамп президент бола қалса, АҚШ-тың әйгілі держава атын қайтаруға уәде етті.
Бұған дейін 12 адам сайлауға түсетіндігін жариялаған еді. Олардың қатарында Флориданың экс-губернаторы, Буштар әулетінің өкілі Джеб Буш, экс-президент Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтон бар. Трамп сайлауға Республикалық партияның атынан түспек. Бұл партия атынан Джеб Буш та түсуге ниетті. Сарапшылардың пікірінше Трамптың партияластар арасында беделі аз. «Трамп- партияластарының көпшілігі ұнатпаса да сайлауға қатысуға ниет білдірген президенттік кампаниялардың тарихындағы бірінші үміткер», дейді ABC телеарнасына берген сұхбатында саясаттанушы Гарри Энтейн. Еске сала кетейік, АҚШ-тағы сайлау 2016 жылдың 8 қарашасында өтеді. Конституцияға сәйкес қазіргі президент Барак Обама үшінші рет президент бола алмайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024