Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Министрлік ақша аударымдарына салынатын салыққа қатысты не дейді?

Министрлік ақша аударымдарына салынатын салыққа қатысты не дейді?

Бұған дейін ақпарат құралдарында жаңа салық кодексі жобасында қазақстандықтар бір картадан екінші картаға аударым жасаса 12 пайыздық қосымша құн салығы салынатыны айтылды.

Бұл жағдайға Ұлттық экономика министрлігі түсініктеме берді. 

Биылғы жылдың 29 қарашасында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өз парақшасында аударымдарға қосылған құн салығы туралы халық арасында осындай пікір қалыптасып, алаңдаушылық тудырып отырғанын жазды.

Ведомство түсіндіргендей, біз банктер клиенттерден өз қызметі үшін алатын салық комиссиялары туралы айтып отырмыз – мысалы, аударымдар немесе картаны шығару үшін комиссиялар.

«Азаматтардың ақшасына ешбір жағдайда салық салынбайды. 
Бұрын банктер қаржылық операциялар бойынша артықшылықтарды пайдаланып, бұл табысқа салық төлемейтін. Жаңа Салық кодексі жобасында бұл жеңілдікті жою ұсынылып отыр», деп сендірді министрлік. 

Дегенмен министрлік бұл норма азаматтардың өз аударымдарына емес, осындай қызметтерді көрсеткені үшін банк табысына салық салуды көздейтіні түсіндірді.

«Сонымен қатар, бір банк ішінде жасалған ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылады, мысалы, банк клиенттен 100 теңге көлемінде комиссия алса, онда салық болмайды осы комиссиядан қосылған құн салығы түрінде 12 теңге төлеуі тиіс»,  –  деп толықтырды Ұлттық экономика министрлігі.

Ұқсас материалдар