Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Өндірушілер үшін бірыңғай цифрлық реестр іске қосылады

Өндірушілер үшін бірыңғай цифрлық реестр іске қосылады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі жұмысын бастайды.

Жаңа цифрлық платформа отандық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуы мен мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуі үшін міндетті болады.

Реестрге тек Қазақстан аумағында нақты өндірісі бар кәсіпорындар ғана енгізіледі. Тіркелу үшін компаниялар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн өтінім беріп, өндірістік тексеру мен бағалаудан өтеді. Тіркеу e-ondiris.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жүйе мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланып, өндірістік алаңдар, жабдықтар, рұқсат құжаттары, жеткізу тізбегі, электронды шот-фактуралар мен кедендік деректерді автоматты түрде талдайды. Барлығы 3 371 тауар тобы бойынша ең төменгі технологиялық және жергілікті қамту талаптары белгіленген.

Реестрге енгізілген кәсіпорындар үшін тұрақты мониторинг жүргізіліп, талаптардың сақталуы бақылауда болады.

Ұқсас материалдар