ІІМ хабарлауынша, ұсталғандар жалпы сомасы 45 миллион теңге ақша ұрлады деген күдікке ілінген.
Әлеуметтік желідегі алаяқтар қазақстандықтарға «несие тарихын жақсартамыз, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз» деп уәде беріп, IP мекенжайы мен ақшаны қай есепшоттан алғанын жасырған.
Бұл топ жүйелі түрде алаяқтықпен айналысып, нәтижесінде айтарлықтай залал келтірген.
«Тінту кезінде 16 ұялы телефон, бірнеше пайдаланылған SIM картасы, роутер және қолма-қол ақша – 3,5 миллион теңге тәркіленді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.