Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Нұрлы жер» бағдарламасының қолжетімді тұрғын үйін «7-20-25» арқылы алу үшін не істеу керек? Түсіндіреміз

«Нұрлы жер» бағдарламасының қолжетімді тұрғын үйін «7-20-25» арқылы алу үшін  не  істеу керек? Түсіндіреміз

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Осыдан тура 1 ай бұрын біз дәл осы тақырыпта мақала жариялаған едік. Бұдан кейін редакциямызға  оқырман тарапынан бірнеше хат келіп, тағы бір тәпіштеп шығуды сұрады. Біз Ернұр есімді кейіпкеріміздің мысалында мұқият түсіндіреміз.

«Баспана» ипотекалық ұйымы бұған дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алу алгоритмі өте оңай деп хабарлаған еді. Өйткені жеке құрылыс компаниялары арқылы пәтер алу механизміне ұқсас.

Сонымен, Ернұр пәтер алу үшін қандай қадам жасады?

Бірінші. Алматы қаласының әкімдігі «7-20-25» қатысушыларына тұрғын үйді сатудың басталғандығы туралы хабарлады. Ернұр бұдан кейін әкімдікке барып неше пәтер сатылатыны, қандай пәтерлер барын анықтар, өзіне ұнаған пәтерді брондады. Бұдан кейін «7-20-25» бағдарламасына қатысушы Центркредит банкке барып, несие алуға өтініш жазды. (Бұдан бөлек Халық банк, АТФ банк, Форте банк, Цесна банк, РБК банк, Еуразиялық банк, Сбербанкке барсаңыз да болады). Банкте жеке куәлік, айлық табысы, тұрғын үйінің жоқтығын дәлелдейтін құжаттарды сұрады. Бұдан кейін банкке құжатты тапсырғаны туралы әкімдікке хабарлады. Ең маңызды кезең осы бірінші кезең. Ал қалғаны техниканың ісі.  

Екінші. Банк Ернұрдың құжаттарын «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкестігін тексеріп, ипотекалық кредит беруді мақұлдады. Ернұр, ҚР азаматы, айлық табысы бар, ипотекалық несие бойынша қарызы жоқ, тұрғын үйі болған жоқ. Банк бұдан кейін Ернұрға кепілдік хат берді. Ернұр әкімдік соның негізінде шарт дайындауы үшін әкімдікке тапсырды.  

Үшінші. Сатып алу-сату шарты дайын болған соң, оны куәландырып, банк кассасында алғашқы жарнаны құйды. Пәтер құны 20 млн теңге еді, Ернұрдың жарнасы 4 млн теңге болды. Нотариус мақұлдаған шартты сол жерде бірден EGOV.KZ сайтында онлайн тіркеді. Банкке шарттың тіркелгені туралы анықтама ұсынды.

Төртінші. Бұдан кейін  банкке барып несие шарты, төлем кестесі мен пәтердің кепіл шартына қол қойды. Шартты ХҚО-ға тіркеді.

Бесінші. Пәтердің кілтін алды. Мұның барлығына ол бар болғаны 20 күн жұмсады.

Похожие материалы