Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 7 мың шақырым автожол салынады

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 7 мың шақырым автожол салынады

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында Қазақстанда 7 мың шақырым автожол салынады. Бұл жөнінде zakon.kz хабарлайды.

Транзиттік жүк ағынының басты бағыты - "Орталық - Шығыс" автобаны. Оның құрылысы еліміздің үш бірдей аймағында жүргізіліп жатыр. Осы жылдың соңына дейін Павлодар облысының өзінде мың шақырымнан аса жол салынады. Бірінші бөлімшесі Павлодардан 25 шақырымдай жерде. Осы жерден цементті бетонды жол басталады. Құрылысшылар бүгінде 17 шақырым автожол төсемін төсеген.
Талғат Төлеубаев, жоба жетекшісі:
- Осы жұмыстарды орындауға 285 жол техникасы мен 500 адам жұмылдырылған. Жол салуға құм мен қиыршық тастар ғана қажет. Оларды жергілікті өндірушілерден аламыз.
Александр Янцен, асфалтьтөсеуіш машинисі:
- Кейін ұзақ пайдалануға жарауы үшін барынша сапалы салуға тырысып жатырмыз. Ценменті-бетонды автожолдың пайдалану мерзімі -25 жыл. Жол жабынының қалыңдығы - 25 см. Оның үстімен 40 тонналық жүк көліктері еркін өте береді. Ауа-райының аяқ-асты өзгеруіне де лайықталып жасалып жатыр. Келесі бөлімшенің ұзындығы 50 шақырымға созылады. Өткен жылы мердігер ұйым жұмыс кестесінен ауытқып кеткен болатын. Бүгінде автожол құрылысы жақсарып келеді.

Похожие материалы