Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пайызсыз несие беретін банк

Пайызсыз несие беретін банк

Бүгінде өмірі банкпен байланыспайтын адамды кезіктіру мүмкін емес. Бірі жалақысын банк каратсы арқылы алады, енді бірі туыстарына ақша жібереді, одан қалса несиелер мен депозиттер бар. Дәстүрлі банк операцияларында бірінші кезекте  комиссия және пайыз түріндегі пайда тұрады. Ал, Ислам банкінде пайыздық мөлшерлеме болмайды екен, барлығы шариғатқа сай жүзеге асырылады деседі. Көпшілік осылай айтумен ғана шектеледі. Ал, негізінде Ислам банкінің бейнесі қандай?

Ислам банктерінің пайда болғанына да жарты ғасырға жуық уақыт болды. 1963 жылы Египетте "Мит Гамр" жинақтаушы банкі құрылған. Ол жерде египет шаруаларына еш пайызсыз несиелер берілген. Банк бар-жоғы 4 жыл ғана ғұмыр кешкен. Десе де, оның идеясы мұсылмандардың жаңа қаржы өнімдерін дайындауына алғышарт болған деседі. Кейіннен Сауд Арабиясында, БАӘ, Суданда және Кувейтте банктер пайда бола бастайды. Бүгінде әлемде атауында "ислам" сөзі қосылған 300-ден аса қаржы компаниялары мен банктері бар.

BoJnKttXonKElhmR-lg

Ислам банкингі деген не?

Мұсылман банктерінің негізін салушылар мекемелердің жұмыс істеу принциптеріне мыналарды жатқызады:

1. Қарыз пайызының болмауы.

Кәсіпкерлермен жұмыс істеу барысында ислам банкі несие беруші ретінде емес, жоба инвесторы ретінде қызмет көрсетеді. Табысты да, шығынды да тұтынушымен бірге көреді. Дәстүрлі банк жүйесінде несие беріліп, белгілі мерзім өткен соң пайызбен қайтару керек болса, Ислам банкіне олай етуге болмайды. Есесіне қарызға беруге болады. Егер қарыз алған адам табыс тапса, табысымен бөліседі. Бастаған ісінің күл-талқаны шықса, қарыз берген банк ол жағдайға да ортақтасады.

2. Өсімдер мен айыппұлдардың болмауы.

Тұтынушының жағдайы келмей, қарызын уақытылы қайтара алмаған жағдайда ислам банкі үлес көлемін көбейтіп, өсімдер мен айыппұлдар қоса алмайды. Есесіне, қарыздың төленетіндігіне сенімді болуы үшін кепілге зат қоюын талап ете алады.

3. Күмәнді келіссөздерге қатыспайды. 

Ислам банкі алыпсатарлықпен айналыспайды. Оған ешқандай рұқсат жоқ.

4. Исламда рұқсат етілген қаржы құралдарын ғана қолдану. 

Инвестициялық жобаларды іріктеп, сараптаған сәтте банктер өте мұқият болуы керек. Банк басшылығы айталық, арақ шығаратын зауыт жобасына ақша құя алмайды. Оған себеп - шариғат заңына қарама-қайшы келуі. Одан бөлек, порнография өндірісіне, темекі бұйымдары саудасына, өз өлімімен өлген жануарларды тамаққа пайдаланатын бизнеске, құмар ойындары т.б тыйым салынған табыс көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырмайды.

Пайыз болмаса, не пайда?

Табыс табу көзі - пайыздар болмаса, банктер қалай пайдаға кенеле алады? Алла Тағала Құранда Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай деп жеткізген: "...Алла саудаға рұсқат етіп, өсімқорлыққа тыйым салған..." (Құран, 2:275). Яғни, Ислам банктері тек пайызсыз қаржыландырумен ғана айналысады. Және ол істерінің дамуы жаман емес.

Салымшылардың жағдайы қандай болады?

Заңды не жеке тұлғалардың салымдары бойынша өтемақы қарастырылған ба? Бұл салымшы ашқан банк есепшотының келісім шартына байланысты. Келісім шартта есепшотқа салынған сомаға кепіл бергенімен, өтемақы төлеуге кепіл бере алмауы мүмкін. Сондай-ақ, салым бойынша кепіл бермей, банк тұтынушысының инвестициялық менеджері болып, пайданы да, шығынды да бірге көтереді. Бірінші жағдайда Ислам банкі өз қалауымен тұтынушыларға сыйақы тағайындай алады. Ал, екінші жағдайда салымдар бойынша төлем сомалары банктің қаржылық-инвестициялық қызметіне тәуелді болады.

Мәселен, дәстүрлі несиелендіру кезінде компания белгіленген пайыз есебімен қандай жағдайда болмасын несиені қайтаруға міндетті. Ислам банкингінде кәсіпкердің жобасы іске аспаса, кәсіпкерге қоса банк те ақшасынан айырылады. Яғни, банк табыс табу үшін жоба қатысушысы болуы қажет. Шығындарды да, табыстарды да бірге бөліседі. Саудаға қатысу барысында тауардың өз бағасы мен оның жүзеге асырылатын құнының арасындағы айырмадан пайда көреді.

Дағдарысқа қарсы тұра ала ма?

1439281319

Халықаралық валюта қорының зерттеулеріне сәйкес, ислам банктері батыс банктерімен салыстырғанда өтімділік пен төлем қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерге азырақ ұшырайды. 1997 жылы болған ғаламдық дағдарыс уақытында Оңтүстік-Шығыс Азияны шарпығаны белгілі. Сол кезеңде Малайзия, Түркия және т.б елдердегі ислам банктеріне еш зардап шеккен жоқ.

Сарапшылар аталған банктердің дағдарысты жақсы өткереді деген пікірде. Ислам банктерінің бизнес-модельдері мен жұмыс істеу тәртіптері орнықты болып шықты.

Әрине, банктік жүйе қаржы дағдарысынан қашып құтылай алмайды. Бірақ, ислам банктеріне батыс капиталдарын еш кіріп кете алмайды. Еуропадағы ислам қаржы ұйымдары дағдарысқа төтеп беруге көбірек қабілетті екендіктері анықталды.

Ислам банктерінің негізгі механизмдері

2A9E10FB-FBB1-472F-AD15-851FF00D3C46_mw1024_s_n

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес коммерциялық серіктестік пен кәсіпкерлік серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Олар:

  1. Мудараба - Бір тарап (салымшы) ақша бөледі, екінші тарап (басқарушы) бөлінген ақшаны бизнесіне инвестиция түрінде құяды.

Салымшы мен басқарушының арасындағы табыс келісілген үлеске сәйкес бөлінеді. Бизнесі сәтсіз болған жағдайда, салымшы барлық шығынды өз мойнына алады. Басқарушы болса, келіссөзден ештеңе алмайды. Сол себепті басқарушы бизнесін гүлдендіруге барынша тырысады. Оған Исламда тыйым салынбаған кәсіпкерлік кез келген түрін таңдау еркі берілген.

Салымшылар қаржыларымен жұмыс істегенде банк сенімгер басқарушы бола алады. Ал, жобаны қаржыландырған сәтте тұтынушы да бола алады.

Ескерту. Салымшылар өз қаржыларын инвестициялау барысында банктерге толықтай сенім білдіреді. Жұмыс жемісті аяқталса, банк пен салымшыға сыйақы тағайындалады. Келіссөз тәртібінде банк пен салымшы арасында банкке тәуелді емес жағдайларға байланысты шығынға ұшырау мүмкіндігі де қарастырылады. Егер банк өз қаражатымен қаржыландыруға қатыспаса, оның капиталы тәуекелден тыс қалады. Бірақ, салымшы жоба сәтсіз шыққан жағдайда сотқа арыз беріп, іске тергеу жүргізуге құқылы. Айталық, жобаның құлауы банктің салғырттығына байланысты екендігі анықталса, банкке жәбірленуші жақтың алдында толық материалдық жауапкершілік жүктеледі.

  1. Мушарака - Жобаның барлық қатысушылары бизнес бойынша серіктестер рөлінде болады. Келісілген міндеттемелер аясында серіктестердің салған қаражат көлемдеріне орай шығындар мен табыстар бөлінеді. Келісім барысында жоба бүге-шүгесіне дейін қарастырылады: бизнес түрі, шарттары, жеңілдіктер, жауапкершілік, табыстар мен шығындарды бөлу кестесі және т.б.
  1. Мурабаха - Банк келісім шартта көрсетілген табысты ала отырып, коммерциялық операцияны қаржыландырады. Мәселен, тұтынушының тапсырысына сәйкес банк өз атынан тауар сатып алады. Осы ретте банк сауда операциясының барлық тәуекеліне мойнына алып отырғанын ескеру керек. Одан соң банк тауарды тұтынушыға келісім шарттар бекітілген өсімі бар күйінде сатады. Осы өсім - банктің табысы. Көп жағдайда клиент ақшаны бөліп төлеу арқылы қайтарады.

Айталық, сіз 1000 долларға көлік алғыңыз келді. Банкке барып, ол көліктің бағасын, қай жерде сатылатынын көрсетесіз. Сәйкесінше, банк оны өзі сатып алып, кейін сізге 1150 долларға сатуы мүмкін. Осы үстіндегі өсім банк табысы екендігін айтқан болатынбыз.

  1. Иджар - ұзақ мерзімдік жалға алу(лизингтік операциясының баламасы)
  2. Иджар ва-иктина - осыған дейін жалға алған құралдарын сатып алып, олардың толыққанды иесі бола алатын келісім түрі. Бұны жүзеге асыру үшін нысанның сатылатын бағасына жетерлік сомада жалға алған құны шығуы тиіс.
  3. Зекет - Құранда көрсетілгендей, банк Зекет үйін құрады. Яғни, ол бақуатты тұратын мұсылмандарға салынатын міндетті салық (2,5 %). Зекеттен түскеннің бәрі жағдайы төмендерге, тұрмысты жақсарту жобаларына және т.б игі істерге жұмсалады. Зекеттен бөлек, мұсылмандар ерікті түрде құрбан да шалады.
  1. Кард-аль-Хасан - Банк келісілген мерзімде қайтарылатын пайызсыз қарыз береді. Қаржыға мұқтаж кәсіпкерлер банк қорларынан қажетті соманы ала алады. Егер алған тұлғаның төлейтін жағдайы болмаса, ақша Зекеттен қайтарымсыз беріледі. Сондай-ақ, банк қоғамдық жобаларды жүзеге асыруға мемлекетке немесе мекемелерге пайызсыз қарыз бере алады.
  1. Байт-аль-Мал - Қаржы түсетін негізгі көздердің бірі - салық. Олар ислам заңдарына сәйкес салынады. Байта-ль-Маль дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктердің орнын толтыру қоры. Қаражаттар сондай-ақ, жесірлерге, жетімдерге, мүгедектерге, кедей тұрғындарға әлеуметтік көмек ретінде де беріледі. Қордың есебінен қиын жағдайға тап болған қарыз алушылардың қарыздары өтелуі мүмкін. Бұл кепілдік несие берушілерді инвестицияларды бөлу барысында нақты тұлғаларға беруге ынталандырады.

Қазақстандағы Ислам банктері

Al_Hilal_Bank_facade

ТМД елдері ішінде ислам банкингі Қазақстан мен Қырғызстанда қарқынды дамып келеді. ҚР исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасы-2020 қабылданған. Қазақстан аумағында ««AlHilal «Ислам банкі» АҚ филиалдары үш қалада ашылған: Алматыда, Астанада және Шымкент қаласында.

Сонымен бірге, елімізде "Такафул" атты алғашқы халал сақтандыру компаниясы да жұмыс істеп жатыр. 2014 жылы Қазақстанда "Иджара" деп аталатын тұңғыш лизингтік компаниясы қызмет көрсетуде. Аталған компания жалпы сомасы 4,5 млн долларды құрайтын 16 жобаны қаржыландырып үлгерген.

Дайындаған Аққайыр Жадыра "7"

Похожие материалы