Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент сайлауы: Тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы құрылады

Президент сайлауы: Тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы құрылады

«BAQYLA» ҚҚ Қазақстан бойынша 6 мыңнан астам бақылаушы даярлайды.

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлік штабтары бар тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы құрылады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 26 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізіледі.

 «Сайлау процесіне белсенді қатысатын топтың бірі – бақылаушылар. Олардың сауатты жұмыс істеуі, бақылаудың барлық тәсілдерін терең меңгере білуі – Қазақ еліндегі Сайлау жүйесінің жақсаруының бір кепілі. Менің міндетім – әрбір облыс. қалалардағы бақылаушыларды дайындайтын тренерлерді дайындауға арналған арнайы офлайн, мүмкіндік болса, он лайн  семинар-тренингтер жүргізу, сайлауды бақылау барысында туындаған сұрақтарға жауап беру болып табылады» – деді саясаткер Дос Көшім.

«BAQYLA»  елдің 26 ірі қаласында барлығы 3,2 мыңнан астам сайлау учаскелерінде бақылаушылық жасайды.

«Елімізде әділ әрі шынайы сайлау өткенін барлығымыз да қалаймыз. Алайда сайлаудың шынайы өтуіне билікты құлықты емес. Жасыратыны жоқ. Сайлаудың таза өтуіне қарапайым адамдар мүдделі. Көптеген Қазақстан азаматында берген дауысым, салған бюллетенім өзге кандидаттың қанжығасына байланып кетуі немесе қоқыс жәшігінде жатуы мүмкін деген күдік бар. Бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасқан және әлі де жалғасын тауып келе жатқан сайлаудағы құйтырқы әрекеттердің нәтижесі. Біз бұл олқылықты толық шешпесек те, сайлауда бақылаушыларды қатыстырып, оқытып көргіміз келеді. Әрине, тұтас Қазақстанды қамту мүмкін емес. Оны биліктік партиялар ғана жасай алатын шығар. Бірақ барынша көп учаскені қамтуға тырысамыз. Ірі қалаларды, облыс орталықтарын қамтуға тырысамыз. Ел бойынша 6 мыңға жуық бақылаушы оқытуға әрекеттеніп, жоспарлап отырмыз», – деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Похожие материалы