Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Путин, Трамп және Си Цзиньпин бейбітшілік келісімін қабылдады

Путин, Трамп және Си Цзиньпин бейбітшілік келісімін қабылдады
Фото: Carlos Barria/REUTERS

Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан АТЭС саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин кездесті. 


Саммитте алдымен Трамп пен Путин кездесіп, келіссөз шамамен 40 минутқа созылған. 
Бұл президенттердің бір жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы жүздесуі. Бұған дейін олар 2025 жылдың тамызында Аляскада кездескен. 

Трамп келіссөз өтетін бөлмеге кіріп, Путинге қарай беттегенде: «Бұл кім? Бұл - менің досым», - дегенін БАҚ жарыса жазуда. Бұдан кейін АҚШ президенті екеуінің бір-бірін көптен бері білетінін және жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

«Бұл кездесуден көп игілік тууы мүмкін деп ойлаймын. Тіпті, соған негіз қалануы да ықтимал. Қалай болғанда да, нәтиже болады деп ойлаймын», - деді Трамп.

Келіссөзге Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қаржы министрі Антон Силуанов, президенттің көмекшісі Юрий Ушаков және арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысты. АҚШ атынан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Қаржы министрі Скотт Бессент қатысты. 

Ушаковтың БАҚ-на айтуынша, президенттер екіжақты қарым-қатынастар мен Украинадағы соғысты реттеу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елеулі мәлімдеме жасаған жоқ. 

Путинмен жеке келіссөзден кейін Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Одан соң АҚШ, Ресей және Қытай басшылары үшжақты келіссөз өткізді. Талқыланған тақырыптар қатарында ядролық қаруды бақылау, Украинадағы соғыс, Ирандағы жағдай және сауда қатынастары болды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша үшжақты "Бейбітшілік келісім" қабылданды.

Ұқсас материалдар