Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-орында тұр

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-орында тұр

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-орында тұр. Аталған рейтингті Халықаралық менеджментті дамыту институты жасады.

Бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекет деп Гонконг танылды. Одан кейінгі орында Швейцария тұр. Үш жыл көш бастаған АҚШ осы жылы үшінші орынға жайғасқан. Ал ең соңғы орында - Венесуэла. Көршілес Ресей мемлекеті 44-орында.
Есепке ұлттық табыс деңгейі мен саяси-экономикалық жүйелері әр түрлі 61 мемлекет ілінген.
Бұл зерттеуді жасау барысында 5400 кәсіпкерлерден сауалнама алынған. Рейтингті шығару барысында 340 критерий бойынша бағаланған.

Похожие материалы