Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ЕАЭО-қа ортақ валюта енгізу туралы бастаманы қолдамайды

Қазақстан ЕАЭО-қа ортақ валюта енгізу туралы бастаманы қолдамайды

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан ЕАЭО-қа ортақ валюта енгізу туралы ресейлік Ұлттық төлем кеңесінің идеясын қолдамайды, - деп мәлімдеді Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

«Бұл бастама (Ресей Ұлттық Төлем Кеңесінің) ресейлік тараптың ресми ұсынысы емес...Біз қолдамаймыз», - деді Т.Сүлейменов сәрсенбіде журналистерге берген сұхбатында.

«Біз өз позициямызды бірнеше мәрте білдірдік. Бұл менің жеке және саяси, мемлекеттік тұлға ретіндегі ұстанымым: ұлттық валюта - біздің егемендігіміздің символы, әнұран, ту және елтаңба сияқты, сондықтан біз оны әрдайым қорғауға, дамытуға және сақтауға тиіспіз және кез келген ықтимал квази, прокси валюталарына жол бермеу керек », - деп түсіндірді министр.

Похожие материалы