Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан биылғы жылдың наурыздың соңында бензин экспортын бастауы мүмкін, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының соңында бензин экспортын бастауды жоспарлап отырмыз, содан кейін бір жылға қойған көлемді өңдеуді бастаймыз», - деді Қ.Бозымбаев бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында.
«Биылғы жылы бізде 500 тоннадан 650 тоннаға дейін бензин артылады. Бұл артылу қазірдің өзінде байқалып отыр. Осыған байланысты қаңтар және ақпан айларында МӨЗ-дердегі өңдеу көлемін біршама төмендеттік», - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, былтырғы жылы энергетика министрі елдегі үш МӨЗ -ді жаңғырту аяқталғаннан кейін нарықта тауарбастылық болмас үшін бензин экспортын бастау ойы бар екенін айтқан болатын.
Қазанда Қазақстан мен Ресей отын-энергетика кешенінде өзараәрекет ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Өзгерту қазақстан бензинін ТМД елдеріне жеткізуге тыйым салуды алып тастауға қатысты болды