Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – Сарапшылар дұрыс тамақтанбаудан өлім-жітімнің артуы көбейген елдерді атады. Қазақстан алғашқы ондыққа енді, деп жазады Daily Mail.
Йендегі Фридрих Шиллер атындағы Неміс университетінің ғалымдары 1990 жылдан 2016 жылға дейін зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ең зиянды "өлім" тамағы - ТМД елдерінде болды. Өзбекстан антирейтингте бірінші орынға ие болды: 100 мың тұрғынға шаққанда 394 адам мұнда нашар тамақтанудың құрбаны болған. Екінші орында - Түркіменстан , бұл елде 376 адам зиянды азық-түліктен қаза тапты. Үшінші орында - Қырғызстан, құрбандар саны 350 адамды құрайды. Рейтингтің келесі сатыларына Украина, Молдова, Әзірбайжан, Белорусь, Тәжікстан елдері орналасты. Қазақстан антирейтингте тоғызыншы орынды иеленді. Елімізде дұрыс тамақтанбаудан 100 мың адамның 306-сы қайтыс болады. ТОП-10 тізімін Ресей қорытындылайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024