Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда газға қосылу құнын төмендету жөнінде ұсыныстар қарастырылуда. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, қазір бағаны төмендету бағытында жұмыстар жүруде.
«Расымен, бізде газға қосылу құны жоғары. Қазір мұны шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Өңір әкімдіктері мен «Qazaqgaz» бірлесіп бағасын түсіру үшін жұмыстар жүргізуде. Бүгін үкімет отырысында Алматы облысының әкімі қосылу құны екі есе төмендетілгенін айтты. Осындай жұмыстарды әр өңірде атқаруымыз керек», – деді Ақшолақов.
Оның айтуынша, газ қостыру құынының төмендеуі жабдықтардың құнына байланысты.
«Газға қосылу үшін пайдаланылатын жабдықтардың бірнеше түрі бар. Үйге құбыр тарту керек, одан кейін есептеу жүйесі, газды пайдаланатын және бөлетін қазандық керек. Сол себепті жабдықтың құнына қарау қажет. Өкінішке қарай, бізде ол жабдықтар шығарылмайды. Егер біз ауқымды газдандыру бағдарламасын қолға алатын болсақ, сол материалдардың өндірісін ойластыруымыз керек», – деді Ақшолақов.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024