Қазіргі кезде Қазақстанда алты автозауыт 9 әлемдік брендтің 50-ге жуық түрін құрастырады. Жеңіл санаттағы көліктерді – Қостанайдағы «Сарыарқа автопром» АҚ, Өскемендегі «Азия-авто» АҚ пен «Астана моторс» құрамына кіретін Қостанайдағы автоқұрастыру зауыты құрастырады. Соңғы жылдары көшелерде жүйіткіген жеңіл көліктің көпшілігі Made in Kazakhstan. Алайда көпшілік оны біле бермеуі мүмкін. Сонымен Қазақстанда қандай жеңіл көліктер құрастырылады?
KIA
Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі - «Азия-авто» KIA-ның 9 түрін құрастырады. Оның ішінде Picanto, Cerato, Cadenza, Optima, Stinger, Rio, Soul, Sorento, Sportаge секілді үлгілері бар. Соңғы үшеуі джип санатты. Бағалары 4,7 теңгеден бастап, 17 млн теңгеге дейін. Ең арзаны - KIA Picanto-ның құны 4,7 млн-нан басталады.
Chevrolet
«Азия-авто» Chevrolet-тің Captiva, Aveo, Tracker-ді, Сарыарқа автопром Niva-ны құрастырады. Қазақстандық Chevrolet-тердің бағасы 4,9 млн теңгеден басталады. Бағасы мен деңгейі орташа болғандықтан халық арасында сұранысқа ие. Әсіресе Қазақстанның солтүстік бөлігінде Chevrolet-ті көп кездестіруге болады. Танымал автожурналист Джереми Кларксон бұл Chevrolet-ті ең нашар көліктер қатарына жатқызса да, оған біздің елде сұраныс жоқ емес.
Skoda
Бұл көлік моделінің Қазақстанда төрт түрі - Octavia, Rаpid, Superb, Kodiaq құрастырылады. Skoda Қазақстанда 1998 жылдан бастап сатыла бастады. Ал оны елімізде құрастыруға 2006 жылдың шілдесінде рұқсат берілді. Ал 2008 жылдың тамызында алғашқы Шкодалар зауыттан шыға бастады. «Азия-авто» компаниясы Skoda-ның жоғарыдағы үш түрін құрастырады. Орташа бағасы 5-9 млн теңге аралығында. Қазақстанға келген алғашқы көліктердің бірі болғандық ба, Шкода автосүйер қауым арасында өткен шақпен байланыстырылады.
Lada
«Азия-автоға» тиеселі тағы бір марка – Lada. Қазақстандықтардың көпшілігі авто сөзін Camry-ден кейін осы Lada-мен байланыстырады десек қателеспейміз. Қазақстандағы автокөліктер астанасы Өскемен қаласындағы зауытта жасалады. Мұнда Granta, Kalina, Largus, Vesta, Xray жалпы 7 түрі шығарылады. Ладалардың бағасы 2,5 млн теңгеден басталады. Бағасы арзан болған соң соңғы 5 жылда Қазақстанда сатылым жағынан көш бастап келеді.
Hyundai
Отаны Оңтүстік Кореялық бұл көліктер Қазақстанда 2003 жылдан бері бар. Отандық «Астана моторс» құрамына кіретін автоқұрастыру зауыты үш түрін Hyundai i30, Hyundai Elantra, Hyundai Tucson құрастырады. Ал «СарыаркаАвтоПром» АҚ Elantra, i30, Tucson, Genesis, Grandeur, Santa Fe, Sonata шығарады. Түбі корейлік, Қазақстанда құрастырылған бұл көліктердің бағасы 4-14 млн теңге аралығында. Жапон, неміс көліктеріндей тым комфорт болмаса да, бағасы мен дизайны, жайлылығы жағынан халыққа ұнайтыны байқалады.
JAC
Қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» зауытында 2015 жылдан бастап жеңіл және джип түріндегі S3, S5, iEV7s, Т6 құрастырылады. Қазақстанда жасалатын JAC S3 көлігімен «СарыарқаАвтоПром» 2018 жылдың жазында «Халық үшін ең үздік тауар» байқауының «Қазақстанның үздік тауары» номинациясын жеңіп алды. Түбі қытайлық көліктердің бағасы 4-5 млн теңге аралығын құрайды. Айта кетейік iEV7s электрмен жүреді. Қазақстанда тоқпен жүретін көлік құрастырылатынын біле жүріңіз.
Peugeot
Қостанай облысындағы зауытта құрастырылатын келесі еуропалық көліктің бірі – Рeugeot. Пижо халық арасында немістің көліктері секілді танымал болмаса да, зауытта шығатын алдыңғы қатарлы көліктерінің бірі. Бағасы 4-7 млн теңге аралығында.
Басқалар
Танымал брендтерден бөлек Қазақстанда Daewoo автобустары, Foton, Iveco секілді ауыр жүк көліктері қазақстандық зауттарда құрастырылады.
Айта кетейік, 2018 жылы елімізде жалпы құны 206 млрд теңгелік 32 298 автокөлік құралы шығарылған.
Оның 30 016 жеңіл автокөлік. Оның ішінде үздік бестікке Lada (13 146 автомобилей), Hyundai (8433), KIA (2 635), JAC (1125) и Chevrolet (1082) кірген.
Бұл көрсеткіштерге қарап қазақстандық автоөндірістің қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады.
Еске салайық, Қазақстанда автокөлік құрастыру 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы 8 басым сектордың бірі. Бағдарлама аясында индустрияландырудың үшінші кезеңінің соңына қарай автомобильдер өндірісінің көлемін кемінде 200 мыңға дейін ұлғайту, автомобильдер экспортын өндіріс көлемінен кемінде 40%-ға арттыру көзделген.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024