2016 жылы 100 мың жұмысшы еңбек ететін 2 мың шақырымға жуық жол құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Еуразияның көліктік дәлізі: жаңа ынтымақтастық бағыт» атты екінші халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.
Е.Қариннің айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаев көлік-логистика инфрақұрылымы жаһандық тұрақсыздық кезінде экономикалық өсімге қызмет ететін негізгі бағыттардың бірі болатынын бекер айтып жүрген жоқ.
Сондықтан, осы жылдың ақпан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қаржы қарастыру шешімі қабылданған болатын. Соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері де бар.