Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қаражатын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін

Қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қаражатын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.

Ол бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы кезінде мәлімдеді.

«Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін, мысалы үй сатып алу немесе білім алу үшін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді президент.

Похожие материалы