Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 9 трлннан аса теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент мәжілісінде республикалық бюджеттің орындалуы туралы таныстырылымда мәлімдеді.
"Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 9 трлн 22 млрд теңгені (26,6 млрд доллар) немесе ЖІӨ-нің 21,6 пайызын құрады. 2015-2016 жылғы Бүкіл әлемдік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестік индекс есебіне сәйкес, Қазақстан "мемлекеттік қарыз" субиндексі бойынша 140 елдің арасында 12 орынға ие болды", - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, ол есептік кезеңде бюджет тапшылығы ЖІӨ қатысты 2,2%-ға төмендеді. Бюджет тапшылығы ішкі және сыртқы қарыз алу комбинациясы бойынша қаржыландырылған.