Ақылы тонировканы енгізу туралы заңға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Осылайша ел билігі көліктің алдыңғы әйнектері мен кіреберіс есік терезелерін заңсыз қараңғылау фактілерінің жолын кеспек.
«Заңның мақсаты көлік иелеріне ақылы негізде көлік құралдарының алдыңғы әйнектерін тонировкалауға заңды түрде рұқсат беру немесе басқаша айтқанда, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын азайту", – делінген Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта Қырғызстанда тыйым салынған тонировка үшін жеке тұлғаларға 20 мың сом (104,5 мың теңге) айыппұл салынады. Ал заңды тұлғалар 40 мың сом (197 мың теңгеден сәл артық) төлеуге міндетті.
Әзірге қырғызстандықтар үшін көліктердің алдыңғы немесе бүйір әйнектерін қараңғылау қанша тұратыны шешілмеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024