Қырғызстанда доллар бір тәулікте шамамен 3%-ға арзандады. Бұл туралы akchabar.kg хабарлады.
Қырғызстанның Ұлттық банкі 25 наурызға арналған ресми валюта бағамын жариялады. Оған сәйкес рубль нығайып, доллар, еуро және теңге құлдырауын жалғастырды.
Осылайша, рубль сомға қатысты 3,63%-ға нығайып, 0,9702 сом болды. Доллар 2,96 пайызға әлсіреп, 96,5 сомды құрады. Еуро 3,28%-ға арзандап, 105,9573 сомды көрсетті. Бір күнде 2,24%-ға құнсызданған теңге 0,1924 болды.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





