Ресей Федерациясы 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 21 қаңтарына дейін 22 млн 088 мың астық экспорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде аталған көрсеткіш 17 млн 024 мың тонна болған-ды. Бұл туралы РФ ауыл шаруашылығы министрлігі өз есебінде хабарлады.
Ведомство шет елге сатылатын астықты жеткізу қарқыны төмендеген мәлімдеді. Өткен аптада экспорт өсімі 29,7% болған, ал оның алдыңғы аптасында 31,6%-ды көрсеткен.
Экспорттың негізгі бөлігі (17,3 млн тонна) - бидай, арпа - 3,273 млн тонна, жүгері - 1,195 млн тонна, өзге дақылдар - 279 мың тонна.
Бір тонна Ресей бидайына берілетін $231 болып, 2,1%-ға түсіп кетті.