Ресейдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақтылығы әлі де ашық мәселе болып қалуда. Тамыр-таныстық өркендеген Ресейдің мұнай кірістеріне тәуелділігі салдарынан ол мұнай бағасы төмен болған сайын зардап шегеді. Бірақ, Кеңес Одағының бізге үйреткеніндей, тұрақсыз жүйелер де көптеген жылдар бойы өмір сүре алады.
Бүгінгі Ресей жүйесі мен 1983 жылы Мәскеуде өмір сүрген кезімдегі кеңестік жүйені еске салады, ол кезде КГБ басшылығында, қатаң тәртіп жақтаушысы Юрий Андропов ( «Будапешт Қасапшысы») денсаулығы нашар болса да, әлі де билік еткен. Сол кездегі және қазіргі ұқсас экономикалық параметрлер ретінде, төмен мұнай бағасы, әлсіз экономикалық идеология, маңызды салалардың мемлекеттің меншігіне айналуы, сондай-ақ авторитарлық басқаруды атауға болады.
Бірақ бір елеулі айырмашылық ретінде бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жетік және құзыретті Ресейдің макроэкономикалық басқаруын апат өтуге болады. Ресейде, бітпейтін Батыс санкцияларына қарамастан, қаржыландыру тапшылығы қаупі жоқ. Бірақ оның тапшы ресурстары Кремльдің сыртқы саясат мүмкіндіктерін шектеп және орыс элитаның арасында шиеленісті асқындыруда.
Мұнай бағасы 2014 жылдың маусым айында құлай бастағанда, Ресей Халықаралық валюта қорының жаһандық экономикалық рейтингінде алтыншы орыннан 14-ші орынға дейін түсті; оның ЖІӨ-і (қазіргі АҚШ долларымен өлшегенде) 2,1 трлн. доллардан 1,1 трлн. долларға дейін азайды - бұл АҚШ-тың ЖІӨ-нің 6%-ына тең. (Және Ресей АҚШ қорғаныс бойынша жұмсайтын қаржысының 8%-ын ғана жұмсайды.)
Ресей АҚШ-пен салыстырғанда экономикалық бәсекеге қабілетті емес болғанымен, оның мемлекеттік өсу перспективалары жоғала бастаса да, тамаша макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтап қалды. Ресей үкіметінің оңалуына біраз уақыт өтті, ал оның халықаралық резервтері 2014 жылы қатты құлдырады; бірақ желтоқсан айында, Ресей Орталық банкі (ОБ), сайып келгенде, рубльдің құбылмалы айырбас бағамын орнатып, содан бері макроэкономикалық жағдай тұрақтандырылды.
Өзінің халық алдында жасаған баяндамаларында, Ресей президенті Владимир Путин бес тұрақтылық көрсеткіштерін атап өтті, олар - халықаралық қорлар, сыртқы экономикалық төлем теңгерімі, бюджеттің теңгерімі, инфляция және жұмыссыздық деңгейі. Олардың ішінде ол халықаралық қорларды ерекше атап өтті. Қазан айында өтетін жыл сайынғы «Ресей шақырады» атты инвестициялық форумда, Путин « халықаралық қорлар өсіп жатыр» және «қазіргі уақытта олар шамамен 400 миллиард долларды құрайды» деп баяндады, бұл оның мақсатына сәйкес көлемдей көрінеді.
Ресейдің халықаралық қорлары 2017 жылы бітетін Қаржы министрлігінің сақтық қорын қамтиды. Бірақ Путин үшін ең маңыздысы бұл Ресейдің халықаралық резервтерінің жалпы көлемі. Төмен шикізат тауар бағалары 2013 жылдан бері экспорт пен импортты тап жартысындай азайтса да, мұнай бағасымен қатар айырбас бағамын құбылмалы деңгейге жіберу арқылы ОБ елеулі төлем теңгерімінің ағымдағы шот профицитін сақтай білді.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің шамамен 3% деңгейінде сақтайды, және абсолют табыс азайса да, төмендеген айырбас бағамы рублдің тұрғысынан табысты тұрақты түрде сақтап қалды. Үкіметбілім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ, қазір зейнетақыға шығыстарды аяусыз қысқарту арқылы бюджет тапшылығын толтырды.
Рубль өткен жылдың басында құнсызданған кезде, инфляция 16% -дан жоғары өсті; бірақ ОБ-ның қатаң ақша-кредит саясаты инфляцияны 6% -ға дейін азайтты, және оның әрі қарай келесі жылы 4% -ға дейін төмендеуі де мүмкін. Айтуға тұрарлық, жұмыссыздық деңгейі қазіргі уақытта 5,4% -ды құрайды, Ресей мұнай бағасы құлдыраса да, оны 6% -дан төмен оны ұстай алды; сонымен қатар, мемлекеттік борыш ЖІӨ-ның тек 13% -ын құрайды.
Осы жақсы көрсеткіштерге қарамастан, жалпы инвестиция көлемі, ЖІӨ және өмір сүру деңгейі төмендеуде. Халықтың нақты табысы өткен жылы 10% -ға төмендеді, ол осы жылы тағы 5-6%-ға қысқаруы мүмкін; инвестициялар өткен жылы 8%-дан артық төмендеді, осы жылы тағы 4% -ға құлдырайды; ЖІӨ 2015 жылы 3,7% -ға төмендеді, және бәлкім, (1% -дан артық емес болса да), осы жылы да төмендеуі мүмкін.
Батыста бұл сандарды аса жаман деп санар еді. Бірақ қарапайым ресейліктер олардың нақты (инфляцияны ескере түзетілген) табысы 1999 мен 2008 жылдар арасында екі еселенгенін бағалайды. Және, олар қандай жағдай болса да қазіргі режимге наразылық көрсете алмайды.
Десе де, Путин өзінің заңдылығын экономикалық өсуге негіздеген. Енді ол жақсартылған өмір сүру деңгейін қаматамасыз ете алмай, ресей империялық министрі Вячеслав фон Плеве 1904 жылы айтып өткен: «Бізге шағын да жеңісті соғыс қажет» деген ұсынысты қолдануда. Путин осы уақытқа дейін үш соғыстың пайдасын көрді: Грузиядағы 2008 жылғы соғыс, 2014 жылғы Қырымды аннексиялау, және 2015 жылдың қыркүйек айынан бері жалғасқан Сириядағы қақтығысқа араласуы.
Бірақ бұрын тәуекелге бармаған Путин бұрын-соңды болмаған үлкен тәуекелдерді қабылдауға мәжбүр болды, мысалы ол өзі бастаған Шығыс Украинадағы қақтығысың өзі шағын да жеңісті де болмады. Шығыс Украина мәселесі сыртқы саясаттағы сәтсіздік мысалы болды, және ол Ресей өз көршілерінен әскери артықшылыққа ие болса да, оның ұзаққа созылған соғыстарды жасауға жағдайы жоқ екенін көрсетеді. Батыс бұл әлсіздікті қаржылық санкциялар арқылы пайдаланып жатыр, олар Ресейдің ЖІӨ-ін жыл сайын шамамен 1% -ға азайтуда.
Путинге тағы бір қауіпті Ресейдің ішкі элиталары төндіреді, сондықтан ол 2014 жылдың тамыз айынан бастап КГБ генералдарын бірінен соң бірін шығарды, және осы арқылы әлеуетті қарсыластарын құртуға ұмтылды. Бірақ оның тазарту жұмыстары біраз тоқтап қалды, себебі Ресейдің генералдары әлі елдің «нақты» саяси бюросы- Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің көпшілік бөлігін құрайды.
15 қарашада Путин қалған либералдық технократтардың бірі, Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевты қамауға алу арқылы өз тазарту жұмыстарының жаңа бағыттын бастады. Келесі күні Путин алдын ала дайындалған, телевизиялық сөзін Қорғаныс Министрлігіне жолдаған кезде, жиналған генералдар оған айқын жиіркенішпен қарап және қуатты қорғаныс министрі Сергей Шойгу мүлдем оны елемеуге тырысқандай көрінді.
Путин саяси тәжірибелі, зерек көшбасшы және жиі нақты ниетін жасырады. Ол жиі Украина мен Сирияда сияқты, тосын соғыстар және дипломатиялық бастамалар арқылы әлемді күтпеген жерден таңқалдыра алды. Ол қаржы жағынан шектеулі, бірақ оның жағдайы үмітсіз емес, және біз әрқашан одан күтпегенді күту керекпіз. Енді АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп жеңісі Вашингтонда билік вакуумын құрған кезде, Путинде өз отандық беделін арттыруға үлкен мүмкіндігі бар. Ол оны толық пайдалануға ұмтылатынына сенімді бола аламыз.
Автор туралы: Андерс Аслунд Атлантикалық кеңесінің аға ғылыми қызметкері. Ол 1990 жылдары Ресей үкіметінің экономикалық кеңесшісі болып қызмет атқарды.
Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024