Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдің мемлекеттік қарызы 10 трлн рубльді құрады

Ресейдің мемлекеттік қарызы 10 трлн рубльді құрады

Ресейдің мемлекеттік қарызының көлемі 2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 10 трлн рубльді құрады. Елдің премьер-министрі Дмитрий Медведев осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды ТАСС.

Сондай-ақ ол бюджет табыстарының өсімі тіркелгендігін атап өтті. Тоқсан қорытындысы бойынша, табыс 17 пайызға, шығындар 4,7 пайызға көбейген. Медведевтің айтуынша, министрлер кабинеті мұнай саласындағы қаржылық қорытынды үшін салық енгізу идеясынан бас тартпайды.

"Ресейдің жалпы салықтық жүгі соңғы уақытта ЖІӨ бойынша салықтық табыстардың 35 пайызын құрайды. Егер мұнай-газ саласына қатысты салықтарды алып тастасақ, бұл көрсеткіш 23 пайыз болады", - деп түсіндірді Ресей премьер-министрі. Осыған дейін, Ресейдің сыртқы қарызы доллар бойынша 3,7 пайызға, еуро бойынша 5 пайызға қысқартылды деп хабарланған еді.

Похожие материалы