Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сапарбаев өзен маңында зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Сапарбаев өзен маңында зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Ақтөбе. 23 сәуір. 7kun.kz - Ақтөбе облысының басшысы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралап жүр. Демалыс күндері ол Кіршпішті ауылына барды. Ондағы саяжай үшін берілген участоктердегі зәулім үйлердің егелерінің «жанайқайын» тыңдап болған соң, өзге аудандардағы қиын жағдайларды жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

«Сіздердің жағдайларыңыз жақсы. Махамбет, Россовхоз, Қалалық сүт зауыты (ГМЗ) аудандарындағы үйлердің жағдайларын көрген жоқсыздар. Оларда сендердікіндей зәулім үйлер жоқ. Саманнан салынған үйлері құлағалы тұр. Әр отбасыда 4-5 баладан бар», — деген Бердібек Сапарбаев арыз айтқан дәулетті ақтөбеліктерге тәубелеріне келуді меңзеді. Оның үстіне, облыс басшысы, саяжай аумағында үлкен сарайлар тұрғызбау керектігін де ескертті. Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев, көмек көрсетілерде алдымен жағдайы төмен отбасыларға басымдық берілетінін шегелеп айтты.

Похожие материалы