
Сауд Арабияда танымал блогер, Deutsche Welle "Сөз еркіндігі" сыйлығының лауреаты Раиф Бадави Исламды қорлағаны үшін және дінсіздігі үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы Newsru.com хабарлайды.
Бұдан бөлек, Раиф Бадавиге 1000 рет дүре соғылуы мүмкін. Оның 50-і орындалған. Блогердің жары күйеуіне арналып ашылған порталда дүренің әлі де жалғасатынын мәлімдеді. Дүрені соғу түрме ішінде жүзеге асады. Алайда сот үкімі бойынша дүре көпшілік алдында соғылу керек еді.
Еске салайық, Раиф Бавади саяси және діни бағыттағы ойларды жариялайтын "Сауд Арабиясы Либералдары" блогын құрып, танымал болған еді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025