Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Сбербанк Қазақстан «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп, нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Аламсервис» ЖШС қазақстандық көлік-логистикалық компаниясының жобасын қаржыландырды. 25 ашық вагон сатып алу үшін компания 260 миллион теңге сомасына қаржыландырылды.
«Вагон составына қосымша вагондар алу «Аламсервис» компаниясы үшін өз көлік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға айтарлықтай серпін береді. Бұл өз кезегінде компанияға транзит және жүк жеткізу жылдамдығы бойынша жоғары сапа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сбербанк осы тектес отандық инфрақұрылымдық жобаларға белсенді қолдау көрсетеді, себебі олар тауар айналымын дамытуға жағдай жасайды және сәйкесінше ел экономикасын дамытуда ерекше маңызға ие», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Елдар Теңізбаев.
«Аламсервис» компаниясының негізгі қызметі логистикалық жобаларды барынша оңтайландыру (халықаралық және ішкі бағыттар бойынша түрлі жүк жеткізу, жүктерді шоғырландыру, кедендік рәсімдеу). Компания қызметтері ірі өнеркәсіптік мекемелерге де, шағын компанияларға да көрсетіледі, бұл көлік-экспедиторлық қызметтер саласында көрсетілетін кең ауқымды қызметтерге байланысты.
«Көлік қызметтерінен бөлек «Аламсервис» ЖШС логистика саласында кең ауқымды ілеспе қызметтер көрсетеді, мысалы қойма, кірме жолдар ұсыну, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және көптеген басқа да қызметтер. Бүгінгі таңда 500-ден астам әмбебап вагондар жұмыс істейді. Алайда клиенттер санының және сәйкесінше жүк ағынының елеулі артуына байланысты біз клиенттеріміздің мәселелерін тез арада шешу үшін қосымша көлік бірліктерін сатып алуға шешім қабылдадық. Біз Сбербанктің Қарағанды қаласындағы қызметкерлеріне жүгіндік, олар бізге жобамызды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті көмекті көрсетті», - дейді «Аламсервис» ЖШС басшысы Саидамин Сангинов.
Осы инвестициялық жобаны қаржыландыру «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді және бағдарламаның «Көлік және қоймалау» атты басым секторын іске асыруға бағытталған.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024