Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Сбербанк «Global Finance» журналының дерегі бойынша қарыздық капитал нарығында және жаңа қаржылық технологиялар саласында Орталық және Шығыс Еуропадағы үздік банк деп танылды.
Сбербанктің корпоративтік-инвестициялық бизнесі Global Finance журналы сыйлығының екі номинациясында жеңіске жетті: Орталық және Шығыс Еуропада «Әлемнің үздік инвестициялық банктері – 2019» – «Қарыздық капитал нарығындағы үздік банк» және «Жаңа қаржылық технологиялар саласындағы үздік банк».
Баға нарықтық үлес, мәмілелер мен көрсетілген қызметтер саны мен көлемі, көрсетілетін қызметтер сапасы, сату каналдарының дамығандығы, инновациялар, баға белгілеу тиімділігі және беделі сияқты критерийлер бойынша берілді.
2018 жылы Сбербанктің Корпоративтік-инвестициялық бизнесі Ресейдегі ең үздік инвестициялық банк деп танылды, ал 2017 жылы Банк бірден екі номинацияда аталып өтті: Сбербанк Ресейдегі ең үздік банк және Орталық және Шығыс Еуропадағы акционерлік капитал нарығында үздік инвестициялық банк деп танылды.
«Global Finance Awards» сыйлығы 26 жыл бұрын «Global Finance Magazine» халықаралық қаржылық журналымен ұйымдастырылған. Бұл халықаралық жюримен компаниялардың қаржылық көрсеткіштерінің нәтижелері, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ талдаушылар пулы және қаржы нарығы қатысушыларының, қаржы саласындағы компаниялар басшыларының және қаржы директорларының, «Global Finance» журналының жазылушыларының дауыс беруі нәтижесінде берілетін беделді халықаралық сыйлықтардың бірі.
Global Finance сыйлығының жеңімпаздары Африка, Азиа-Тынық мұхиты аймағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның 150-ден астам мемлекеттерінің қаржылық ұйымдары арасынан таңдалып алынады.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024