Бұл туралы «Әділ сөз» халықаралық қорына сілтеме жасап Новости-Казахстан хабарлады.
«Бүгін 9.30-да Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен ҚаЗТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев ұсталды», делінген бүгін қор таратқан хабарламада.
Қордың ақпараты бойынша С.Матаев мемлекет қаражатын ұрлады және Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының ғимаратын заңсыз жөндеуден өткізді деп айыпталуда. Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау кезінде миллиондаған қаражатты ұрлаған деп айып тағылған.
«Істің мән-жайына үңілсек оларды қудалаудың мақсаты баспасөз клубын диалог алаңы ретіндегі рөлінен айыру, ҚазТАГ-тағы жарияланымдарға мемлекеттік бақылауды күшейту, Қазақстанның Журналистер одағының қоғамдық белсенділігін азайту», дейді бүгін жағдайға түсініктеме берген «Әділ сөз» қоры.
Қордың ақпаратына сүйенсек Ұлттық баспасөз клубы 1997 жылы құрылған. Алматы мен Астанадағы ғимараттарын бұған дейін алған кредиттің есебінен сатып алынып, жөндеуден өткізілген.
«Оның қызметінің заңды екені құжаттармен дәлелденген. Ұлттық баспасөз клубы қызметі барысында мемлекеттен ешқашан қаражат алмаған. Оған тиеселі кеңселерде республикалық және шетелдік БАҚ-ның корпунтктері орналасқан, баспасөз мәслихаттары өткізіледі. 2008 жылы құрылған жекеменшік ҚазТАГ ақпарат агенттігі мемлекеттік тапсырыс бойынша толықтай есеп өткізген, ақпараттық саясатқа кедергі жасауын толықтай жоққа шығарады. Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады және кінәсінің жоқтығын құжат жүзінде дәлелдеуге дайын», делінген «Әділ сөз» ұйымының хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024