Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Семей жолдарының 90%-ына жөндеу жұмыстарын жасау қажет

Семей жолдарының  90%-ына жөндеу жұмыстарын жасау қажет

Семейдің автокөлік жолдарының 90%-ына жөндеу жұмыстарын жасау қажет. Бұл жөнінде қала әкімі Ермек Сәлімов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.

— 700 шақырымға жуық қала жолдарының 90%-ына жөндеу жүргізу керек. Қазіргі таңда олардың жағдайы сын көтере алмай отыр. Соның салдарынан кей жерлерде жол-көлік оқиғалары да орын алған. Бір көшелерге күрделі жөндеу, біріне - орташа жөндеу жасау керек. Ал, оған үлкен қаражат қажет, — деді әкім тұрғындармен кездесу барысында. Ауыл тұрғындарының жолды жөндеуге қатысты сауалдарына әкімнің қайтарған жауабы осы болды. Тұрғындар сондай-ақ, көктем мен күзде қаланың кейбір жекелеген жерлерімен жүріп өту мүмкін емес деп шағымданды. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда келесі жылға арналған бюджет қарастылырып жатыр. Жол жөндеуге бөлінетін қаражат көлемі өсетін болар деген сенімде ол. — Келесі жылдан бастап Семейдің барлық салық түсімдері облысқа кетпей, қалада қалатын болады. Біз барынша қала жолын жөндеуге көбірек қаражат бөлгізуге тырысамыз, — деп уәде берді Сәлімов. Семей жолдары ағымдағы жөндеу жасау үшін осы жылы 100 миллион теңге бөлінген. Өткен жылы 1 миллиард теңге бөлінген еді.

Похожие материалы