Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Швейцариялық банк Америкаға 211 млн доллар төлейді

Швейцариялық банк Америкаға 211 млн доллар төлейді

Швейцариялық ең ірі банктердің бірі BSI Америкаға 211 млн доллар төлуге келісім берді. Ол үшін АҚШ-тың  әділет министрлігі салық төлеуге байланысты сот ісінен бас тартуы қажет. Бұл туралы америкалық ведомстваның сайтында жазылған.

Сондай-ақ, осы келісімнің аясында несие беруші ұйым салық төлеуден жалтармақшы болған АҚШ-тағы тұтынушылар туралы да мәлімет беруі қажет.

BSI шиеленісті сотқа дейін реттеуге кіріскен бірінші банк болды. 2013 жылы қабылданған швейцариялық банктермен сотқа дейінгі келісімге келу бағдарламасы бойынша, банктер АҚШ билігімен өзара келісімге  бара алады.

АҚШ-тың әділет министрілігінің мәліметі бойынша, BSI тұтынушыларына жалған корпорациялар құруға көмектесіп, иесінің аты-жөні көрсетілмеген несиелі және дебетті карталар шығарып отырған.

Похожие материалы