Шымкентте көлікті заңсыз тіркегендер мемлекетке 320 млн теңге зиян келтірді
Шымкент. 4 тамыз. 7kun.kz – Шымкентте 53 көлікті заңсыз есепке қойған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық полиция департаменті мәліметінше, процессинг орталығының екі қызметкері сот санкциясымен қамауға алынған. Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілген.
«Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себеп пен жағдайды жою бойынша алдын алу шараларын іске асырып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкенттегі ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024