Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылы Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) 2017-2020 жылдарға арналған стратегия аясында жұмыс істей бастайды. Қор «Жаңа азаматтық бастамалар» және «Ашық экономика» сынды жаңа бағдарламалық бағыттарды іске қосады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Қор «Ашық экономика» бастамасын 2016 жылдың желтоқсанында іске қосқан. Енді бұл бастама қордың үшжылдық стратегиясына еніп отыр. Негізгі мақсаты - жаңа экономикалық саясатты дайындау және енгізу процесінде билік пен сарапшылық қауымдастықтың ашық әрекеттесуіне мүмкіндік беретін механизмдерді дайындау. Әсіресе, бұл бастаманың Қазақстанда ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) стандарттарын енгізу мәнмәтінінде ерекше маңызға ие болып отырғаны анық», - дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма басшысы Антон Артемьев
«Ашық экономика» бастамасының миссиясы - адам құқықтарын мойындау мен құрметтеуді көрсететін инклюзивтік экономикалық реформаларды қолдау.
Осы мақсатқа жету үшін бастама келесі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды:
- Қазақстанда экономикалық саясат бойынша ұсыныстарды дайындау және ашық талқылау;
- Экономикалық реформаның ең келелі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды қалыптастыру;
- Экономика саласындағы сарапшылар, сараптамалық орталықтар мен мемлекеттік құрылымдар арасында ынтымақтастықты кеңейту;
- ЭЫДҰ және өзге халықаралық ұйымдардың Қазақстанның аса дамыған 30 елдің қатарына енуіне көмектесетін ұсыныстарын алға жылжыту.
Осы уақытқа дейін бастама аясында экономикалық саясат мәселелері бойынша екі сарапшылық кездесу өткізіліп, Қазақстанда ұлттық қор қаражатын басқару және шағын және орта бизнесту дамыту бойынша модельдерді дамытуға бағытталған бірқатар зерттеуге қолдау көрсетті.
2017 жылы «Ашық экономика» тақырыбы аясында алғашқы үлкен халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр. Оған қазақстандық және шетел сарапшыларын, мемлекеттік билік және бизнес өкілдерін шақыруды көзделген.