Экономика
Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры өз көлігінен өлі табылды
Талдықорған. 14 желтоқсан. 7kun.kz – 13 желтоқсанда таңертең «ҚазАгроҚаржы» филиалының Алматы облысы бойынша экс-директоры өз көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Оқиға Көктем шағынауданында болған.
Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған.
«Ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінде.
«ҚазАгроҚаржы» марқұмның Алматы филиалының экс-директоры Ержан Устаев екенін растады.