Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің құны сәл өсті

Теңгенің құны сәл өсті

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,71 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,55 теңге/$1) ұлттық валюта 1,84 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 38 млн 920 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 91.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Ұлттық Банктің 11 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,33 теңгені құрайды.

Похожие материалы