
Қазақстан. 15 маусым. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаңтар оқиғасы кезінде өзге елге кетуге кеңес берілген. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Барлық төңкерістердің мақсаты – басқа адамдардың билікке келуі болды. Маған келетін болсақ, мен ол күндері (қаңтар оқиғасы - ред.) президент резиденциясында болдым, ешқайда бармадым. Оның үстіне, әрине, осында түнедім», – деді Тоқаев телеарнаға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, тәртіпсіздік басталғанда-ақ ол елордадан кетпейтінін мәлімдеді.
«Кейбір «жолдастар» маған не тікұшаққа, не ұшаққа мініп, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Әрине, мен мұны ешқандай жоспарлаған жоқпын және осында соңына дейін болуым керек деп есептедім», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025