Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұтынушылардың құқығын қорғау күшейтілді

Тұтынушылардың құқығын қорғау күшейтілді

ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында «Кейбір заңнамалық актілерге тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды.

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев заң жобасы жаңа және қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

«Заң жобасын қабылдау тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің институционалдық нығайуына әкеледі. Заң жобасы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi нұсқаулыққа негізделген және олардың құқықтарын қорғау саласындағы қағидаларын айқындайды»,-деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, тиімді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жасау мақсатында сатуға арналған талаптарды жақсарту, қайтару және тауарды ауыстыру, мерзімдерін анықтау, сапасыз тауарды ауыстыру, қызмет көрсету, қабылдау мерзімдерін ұзарту, нақты жағдайларды анықтау, шартты жасау барысында тұтынушылар құқығының бұзылуы сияқты мәселелер қолға алынады.

Похожие материалы