Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Xiaomi жасанды интеллектіні дамытуға көңіл бөледі

Xiaomi жасанды интеллектіні дамытуға көңіл бөледі
Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – Xiaomi (Сяоми) компаниясы алдағы бес жыл ішінде жасанды интеллектіні дамытуға 10 млрд юань жұмсайды. Бұл туралы REGNUM агенттігі компанияның атқарушы директоры Лэй Цзюннің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды. Xiaomi компаниясы смартфондарды және жасанды интеллектпен байланысты қосымшалардың технологиясын дамытуды стратегиялық маңызды бағыт деп қарастырып отыр. Бұл үшін техника өндірісімен айналысатын бірқатар компаниямен келісім жасалады. Лэй Цзюннің айтуынша, бизнестің басты бағыттарының бірі ретінде инновацияны енгізу және өнімдердің сапасын арттыру болып қала бермек. Сондай-ақ қолданыстағы өнімдердің сапасын жақсартуға да көңіл бөлінеді. Xiaomi биыл өзінің өнімдерін көбейтуді Еуропа және Латын Америкасы нарығындағы позициясын бекіту арқылы жүзеге асырмақ.

Похожие материалы