Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Зеленский: Соғыста 43 мың украин жауынгері қаза болды

Зеленский: Соғыста 43 мың украин жауынгері қаза болды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басып кіргелі бері соғыста 43 мың украин сарбазы қаза болғанын мәлімдеді.

Зеленскийдің пікірінше, 370 мың жауынгер жараланған. Олардың жартысына жуығы емделгеннен кейін қатарға қосылады.

Сондай-ақ, ол бұл соғыста Ресейдің шамамен 200 мың әскерінен айырылғанын, 550 мың солдаты жараланғанын айтты.

Алайда, Ресей әскері соғыста қанша адамынан айырылғанын хабарлаған жоқ. BBC-дің Орыс қызметі мен «Медиазона» соғыста опат болған 82 мың ресейліктің аты-жөнін анықтаған. Шын мәнінде адам шығыны одан да көп болуы мүмкін.

Зеленскийдің сөзінше, қыркүйек айынан бері майдандағы адам санының қатынасы 5-6: 1 болған. Яғни, бір украин сарбазына 5-6 орыс солдаты келеді. Ол өз пікірінде «Украина бейбітшілікті қалайды, алайда бейбітшілік «бірнеше қағазға қол қойып шеше салатын» нәрсе емес деді.

Украина басшысы қауіпсіздікке кепілдік болмаса, Ресей кез келген уақытта Украинаға басып кіруі мүмкін деп алаңдайтынын жеткізді. Зеленский Украина Америка және өзге елдердің көмегімен әділ шартпен бейбітшілікке қол жеткізеді дегенге үміт білдірді.

Бүгін қантөгісті тоқтатып, бейбітшілік туралы келіссөзге АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп шақырған. Ол бейресми мәліметті алға тартып, Украинадағы соғыста екі жақтан өлгендер мен жаралағандардың саны бір миллион адамға жеткенін айтты.  

Ұқсас материалдар