Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа Зеландияда интернеттегі троллинг қылмыс деп танылды

Жаңа Зеландияда интернеттегі троллинг қылмыс деп танылды

Жаңа Зеландияда 13 шілдеден бастап кибербуллинг (ғаламтордағы мазақ) пен онлайн-троллингті қылмыстық іс ретінде танылған жаңа заң күшіне енеді. Бұл туралы Business Insider Australia-ға сілтеме жасап Rambler Новости хабарлайды. Ел парламенті өткен аптада "Зиянды сандық коммуникациялар туралы заң" қабылдаған еді.

Аталған заң бойынша ғаламторда өзге адамға қатысты қоқан-лоққы, қорқыту немесе қорлау лексикасын қолданған тұтынушыға айыппұл салынады немесе түрмеге қамалуы мүкін. Сондай-ақ өзгелерді мазақ қылушыларға да жаза қолданылады. Құжатта интернетте өзге адамда алаңдаушылық туғызуы мүмкін 10 түрлі мінез-құлық жазылған. Жаңа ережелердің орындалуын сот пен арнайы агенттік бақылайды деп жазады The Verge. Олар өтініштерді өңдеп, заңға қарсы контентті өшіру үшін Facebook, Google және Twitter тәрізді онлайн-алаңдармен серіктестік орнатады. Ресурстар авторларға өздіктерінен қорлаған пікірлерін өшіріп тастауды ұсынады. Егер олар 48 сағат ішінде орындамаса, бұғаулап тастайды. Заң бұзған жеке тұлғаларға 33,5 мың доллар көлемінде, заңды тұлғаларға 134 мың доллар көлемінде айыппұл салынады. Ерекше жағдайдарда 2 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Похожие материалы