Экономика
Авто
Жыл басынан бері бюджетке 6 трлн теңге түскен
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанның республикалық бюджетіне түскен салық көлемі шамамен 6 трлн теңгені құрады.
2017 жылдың алғашқы тоғыз айының көрсеткішімен салыстырғанда (4,9 трлн теңге) төленген салық көлемі 18,5%-ға өсті.
Алматы сәйкес кезеңде 1,3 трлн теңге, Атырау облысы – 947 млрд теңге, ал Астана қаласы – 766,1 млрд теңге төледі.
Қарағанды облысы бюджетті 299,8 млрд теңгеге, Маңғыстау облысы - 292,3 млрд теңгеге, Алматы облысы - 278,3 млрд теңгеге, Ақтөбе облысы – 270,4 млрд теңгеге, ШҚО – 220,2 млрд теңгеге, БҚО – 212,7 млрд теңгеге, ал Павлодар облысы – 203,5 млрд теңгеге толықтырды.
Түркістан облысы тоғыз айда 202,8 млрд теңге, Шымкент (2018 жылдың қыркүйегінде)-129,9 млрд теңге, Ақмола облысы – 115 млрд теңге, Қостанай облысы – 117,6 млрд теңге, Қызылорда облысы – 98,3 млрд теңге, Жамбыл облысы – 62,1 млрд теңге, ал СҚО – 57,6 млрд теңге төледі.